|
Сенің әкең қандай? |
|
|
Тосыннан қойылған осы сұраққа әдетте жасы үлкен адамдар әкесінің жақсы қасиеттерін санамалап, құлшына жауап берсе, балалар жағы мүдіріп қалады екен. Неге? Азды-көпті ғұмырында тіршіліктің жақсы да, жаман да жақтарын көріп, ой түйген, өздері де талай қателесіп, өзгенің де қателіктеріне кешіріммен қарай алатын жасқа жеткен жандар бөгде адамның алдында өз өмірінің көлеңкелі жақтарын көрсетпеуге ұмтылатыны хақ. Ал жандары нәзік, жүйке-жүйесі әлі шыңдалмаған бүлдіршін, жасөспірім, тіпті кәмелетке толған ұл-қыздарымыздың біразына бұл сұрақ жайсыз тиетіні жасырын емес.
«Өтірік айтуға болмайды» деп үйрететін өзіміз. Сол тәрбиені бойына сіңірген соң, шындықты бұрмалағысы келмейді. Намыстанады. Қиналады. Өкпесі де бар. Ақыл мен сезім тайталасып, кібіртіктейтіні, қиналатыны, тура жауаптан жалтаратыны содан. Оның сырын білу үшін ресми деректерге үңілсек, біраз жайға қанық боламыз. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің соңғы халық санағынан кейін шығарған қорытынды деректеріне жүгінсек, елімізде 452730 отбасында 719248 бала әкесіз өсіп келеді екен. Әрине, бұлардың арасында әкесінен оның қазасына байланысты айырылған, яғни әкесінің бейнесін сағына сүйіп жүрген балалар да бар. Дегенмен осы цифрлардың ішінде жоғарыдағыдай сауалға әкеге деген өкпеден, реніштен жауап бере алмай, мүдіріп қалатындардың саны басым екендігін және жоққа шығара алмаймыз.
|
|
Әлімқұл Жамбылов: Ақиқаттан айнымаған жамбыл атам |
|
|
Ұлы өмір ағыны бір сәт тоқтамайды. ХХІ ғасырды аттағанымыз кеше сияқты еді, міне, оның алғашқы он бір жылын артқа тастаппыз. Жаһандану дәуірі, ғаламторға шырмалған заман деген кезеңде ұлыларымызға жаңаша көзқараспен қарайтын уақыт келді.
Қазақ деген ұғыммен қатар жүретін ұлы Жамбыл жайлы талай-талай зерттеулер жазылды, бірақ бәрі сонау кеңестік кезеңнің тар қыспағынан шыға алмады.
Ақиқатты аршып, ашық айтатын Тәуелсіздік алдық. Жамбыл ғұмыры мен шығармаларын қайта қарап, талдап, таразылайтын, зерттеп, зерделейтін ғажап дәуір туды.
Бекер адамға бақ қонбайды, тегі жақсыдан текті ұрпақ өседі. «Тұлпардан тұлпар туады, сұңқардан сұңқар туады». Жамбылдың арғы атасы Ыстыбай атағы алысқа кеткен, керегесін кеңге жайған дәулетті де аңғарлы, айтқанын екі еткізбейтін ел басқарған қасиетті жан болған. Әкесі Жапа батыр да батыл, өжет екен. Алдында бес жүзден астам кілең боз жылқысы, отар-отар қойын өргізген елдің аузында, көптің алдында жүрген айтулы азамат болыпты. Сарыбай би Айдосұлымен иықтас жүріп, үнемі оң жақ тізесінде отыратын, кеңесетін кеңесшісі екен. Кеңес өкіметі заманында Жамбылды «кедейдің баласы» деп бұрмалап көрсеткен.
|
|
ПІР |
|
Қасиетті Құран Кәрімде: «Ей, адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ бір-бірлеріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық»/ Хұжырат, 49-13/ – деген сөз бар. Шүкіршілік етелік, Жаратушының бізді ұлт етіп жаратқан кеңшілігінде мін жоқ. Ал осы ұлтты ұлт есебінде ұстап қалу, өзімізше ойласақ, әрбір қазақтың, сол қазақ тіршілік етіп отырған мемлекеттің ең негізгі міндеті! Демек, халқымыздың тілімен емес, ділі, жүрегі дін деп соққан зиялылары осы тұрғыда исламға өз жанашырлығын танытулары керек. Бізге ешкімнің емес, таза қазақия діни құрылымы мен дәстүрі қажет. Ол мәселен пір ұғымына негізделген жүйе.
Оқырманға түсінікті болу үшін алдымен пір деген сөзге және оның Қазақ еліндегі тарихына назар аударалық. Осы орайда ойға Еңбек Ері, жазушы Әбіш Кекілбаевтың төмендегі сөздері оралады: «Халық ұғымы табиғатқа саясаттан да көбірек әрі тікелей тәуелді көшпелі үрдіс – рух ықпалын қашан да бірінші орынға қойған. Олар табиғи өзгерістердің өзіндік жүйесі мен заңдылығы барын ежелден аңғарды. Оны өз өзінен емес, санадан тысқары әлдебір құдіреттің еркімен болып жататын құбылыстар деп түсінді. Қауым сол өзгерістерден аман-сау қалу үшін табиғатқа ықпал ете алатын құдіретті таба білу керек деп санады. Бұл кез келгеннің емес, айрықша қасиетке ие болып жаралған әруақты адамдардың – абыздардың ғана қолынан келеді деп есептелді.
|
|
Сәйгүлікке деген сүйіспеншілік. Қазақтың қанындағы қасиет |
|
|
Жылқы (Eguus Caballus) - тақ тұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Қазба қалдықтары жылқының біздің заманымыздан бұрынғы 7000 жылдан әріде Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдеп отыр. Қазір Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі. Қазақ жері – жылқының қолға үйретілген алтын бесігі. Оны Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4-3 мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б.з.б. 2 мыңжылдық), еліміздің барлық аймақтарында кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1 – мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) дәлелдеп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленгенін, ата-бабаларымыздың әдет-ғұрыптық рәсімдерінің ажырамас бөлігіне айналғанын әлемге танытып берді. Сақтардың балалары мен әйелдеріне дейін атқа мініп, оның үстінде соғысу өнерін шебер меңгергені, тұлпарларымен жүйткітіп шабуы Еуропа, Кіші Азия, Жерорта теңізінің бойындағы, Мысырдағы халықтың зәресін ұшырды. Осы кезде бұл елдерде атпен бірге жаратылған кентаврлар туралы аңыз тарады. Сол заманнан бері жылқы, шашасына шаң жұқпайтын сәйгүліктер – қазақтың жан серігі.
|
|
Дін мен Діл |
|
|
Бисмиллаһир-рахманир-рахим!
Адамзаттың адаспай Ұлы Иесін табуы үшін ғалам атты алып кітап жаратып, ондағы әрбір жаратылысты Өзінің құдайлығын паш етер жеке-жеке мөр, құдіреті мен шеберлігін нақыштаған бөлек-бөлек өрнек етіп безендірген Алла Тағалаға шексіз мадақ арнап, жан-тәнімізбен мақтау айтамыз. Осынау ғалам атты алып кітапты адамзаттың қатесіз оқуы һәм ақ пен қараны ажыратып, жаратылуындағы асыл міндеті мен мақсатын айқындауы үшін қолына Құран атты пәрмен беріліп, арнайы елші етіп жіберілген жаратылыстың гүлзәры, Хақтың сүйікті құлы – соңғы пайғамбар, ұлы ұстаз Мұхаммедке (саллаллаһу алейһи уә сәллам) сансыз сәлем жолдап, шын жүректен салауат айтамыз. Сондай-ақ, Алла елшісінің (саллаллаһу алейһи уә сәллам) пәк отбасы мен ардақты сахабаларына Жаратқанның игілігін тілейміз.
|
|
Қарабура әулие |
|
|
Қарабура әулие жөнінде жазба деректерден гөрі біздің заманымызға ауызша аңыздардың жеткені басым. Аңыздардың дені әулиенің көзі тірісінде емес, бақилық болғаннан кейінгі бірнеше ғасырдан соң орын алған кереметтері жайында өрбиді. Бәлкім бұл ширек ғасырға жуық уақытта атеизммен сусындағанның әсері болар, бәлкім бергі замандардағы аңыздарының арғы кездерге қарағанда маңыздылығының жоғары болғандығы шығар. Әулие бабаның кереметтері ХХ ғасырға қатысты айтылады. Әулие бабаға қатысты бұлжымас ақиқат оның нақтылы тарихи тұлға екендігі. Яғни, шамалап болса да өмір сүрген ортасы мен уақыты белгілі. Көпшілік зерттеушілердің пікірінше, Қарабура әулие – Қожа Ахмет Ясауидің замандасы.
|
|
Қазағым қайда барасың? |
|
|
Мемлекеттік мәселе______
Өз қайығымызды өзіміз шайқамайық
Ел болып еңсе көтергелі бері 20 жылға таяп қалды. Бір адамның өмірімен өлшегенде аз уақыт емес. Бұл 20 жастағы жігерлі, өскелең, жинақы жігіттің тас шайнап, мұз бүркетін кезеңі. Екінші жағынан қарағанда, бодандықтың қамытынан құтылып, ой-сананы сіңір болып кеткен ескі сүрлеуден шығарып бүгінгі жеткен биігімізге қарасақ, 20 жыл көп уақыт емес. Тәубе, іргеміз бекіді, ірі екенімізді таныттық. Ырыс – ынтымаққа, ынтымақ – бірлікке ұласып жатыр. Иә, біздің халық текті ұлт екенін дәлелдеді, тәуелсіздіктің ұйытқысы бола алды.
|
|
|